Еуропада жастардың жаппай наразылық шеруі өтті. Халықаралық жастар ереуілі аясында Италия, Франция, Ұлыбритания, Германия, Хорватия және Албанияның студенттері мен оқушылары көшеге шықты. Олар өмір сүру құнының қымбаттауына, баспананың қолжетімсіздігіне және әскери шығындардың артуына қарсылық білдірді. Римде шерушілер Білім министрлігі ғимаратының алдында полициямен қақтығысты. Ал Загреб, Париж, Лондон және Германия қалаларында жастар білім мен денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды ұлғайтып, әскерге міндетті шақыруды тоқтатуды талап етті.
ЛАУРА ПЕРИТОРЕ, СТУДЕНТ:
Бүгін бүкіл Еуропа бойынша жастар әскери міндетке және денсаулық сақтау мен мемлекеттік қажеттіліктерге бөлінетін шығындардың қысқаруына қарсы осы ереуілге жұмылып жатыр. Қазір миллиардтаған қаржы қару-жараққа салынуда. Ал қарапайым қажеттіліктерге қаражат жоқ дейді.