Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 33 қаралым

Аурухана қоймасында жұмысшы көз жұмды

Ақтөбеде оттегі қоймасынан өрт шығып, бір жұмысшы көз жұмды. Қайғылы жағдай қаладағы №1 көпсалалы аурухананың аумағында болды. Еңбек инспекциясы өкілінің айтуынша, жалын тұтанған сәтте нысан ішінде жүрген қызметкердің денесін күйік шалып, ауыр жарақат алған. Дәрігерлер шұғыл көмек көрсеткенімен, ол көп ұзамай жан тапсырды. Қазіргі таңда қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылыпты. Оның құрамына еңбек инспекторларынан бөлек, мекеме әкімшілігі мен кәсіподақ өкілдері енген.

ЕРКЕБҰЛАН ОМАР, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Хабарламамен бірге өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесі туралы медициналық қорытынды ұсынылған. Медициналық қорытындыға сәйкес зардап шегуші жұмыскердің алған жарақаты ауыр жарақат қатарына жатады. Қазіргі таңда еңбек заңнамасына сәйкес арнайы тергеп-тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

← Барлық жаңалықтар