Мазмұнға өту
· 257 қаралым

Өскеменде тыр жалаңаш әйел көшеде шу шығарды

Өскеменде тыр жалаңаш әйел көшеде шу шығарды. Келіншек алты айлық сәбиін де далаға киімсіз алып шыққан. +10 градуста көшеде тайраңдаған балалы нәзік жандыны куәгерлер камераға түсіріп алыпты. Онда бұрымдының бағдаршамға тоқтап тұрған көліктерге тап беріп, оның ішіне кіруге талпынғанын көруге болады. Тіпті жүріп келе жатқан жүк машинасының астына әдейі жатып алған. Автомобиль жүргізушісінің бірі оны көлігіне отырғызғаннан кейін, азаматша себепсіз айқайлап, адамдарды көмекке шақыра бастаған.

← Барлық жаңалықтар