1. Осы Ережеде қолданылатын негізгі
ұғымдар мен терминдер
1.1.
Викторина - қатысушылар ұйымдастырушыға телеарна эфирінде жарияланған,
телевизиялық эфирде көрсетілген цифрлық кодты
жіберетін - "TELEBOOM" деп аталатын
телевизиялық ойын (мәтінде бұдан әрі - Викторина).
Тіркеуден өткеннен кейін викторинаға қатысушы осы ережелерді сақтаған
жағдайда викторинаны ұйымдастырушыдан жүлделер алу мүмкіндігіне ие болады.
1.2. Ұйымдастырушы - "Еуразия+ОРТ"ЖШС,
БСН 060240001917, Мекен-жайы:
050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Республика алаңы,13; 414-і кеңсе (мәтінде бұдан әрі - Ұйымдастырушы).
1.3. "Еуразия бірінші арнасы" телеарнасының эфирінде викторинаны өткізу 2024 жылғы 15 сәуірден бастап және 2025 жылғы 24 наурызды қоса
алғандағы кезеңде(мәтінде бұдан әрі - Кезең) өтеді.
1.4. Ережелер - ұйымдастырушының
сайтында орналастырылған (https://1tv.kz/)
викторинаға қатысу тәртібін, жеңімпазды анықтау тәртібін, жүлдені алу
тәртібін айқындайтын осы Ережелер. (мәтінде бұдан
әрі – Ережелер).
1.5. Телеарна – «Еуразияның бірінші арнасы» (мәтінде бұдан әрі - телеарна).
1.6.
Қатысушы – викторинаға
тіркелген және қатысуға екрікті
түрде келісімін берген телеарнаның
көрермені (мәтінде бұдан әрі – Қатысушы).
1.7. Жеңімпаз - белгілі бір кезең
ішінде (апта, ай, жыл) ең көп балл жинаған викторинаға
тіркелген қатысушы (мәтінде бұдан әрі - Жеңімпаз).
2. Жалпы ережелер
2.1. Викторина тегін (құмар ойын емес) қатысушылардың ойын-сауық жарысы (яғни, Қатысушылардың
берілген нәтижеге жетуін көздейтін жарыс түрі).
2.2. Викторина "Еуразияның бірінші арнасы" телеарнасының
тұрақты көрермендерін көтермелеу, қызықтыру мақсатында
өткізіледі.
2.3.
Ұйымдастырушы кез келген уақытта осы Ережелерде белгіленген қандай да болмасын құқықтарды дербес іске асыруға
құқылы.
2.4.
Викторинаға қатысу ережелері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің
395-бабына сәйкес жария оферта болып табылады.
2.5. Викторинаға ұйымдастырушының
қызметкерлерін, олардың жақын туыстарын, сондай-ақ осы викторинаны
ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан барлық адамдарды, оның ішінде олардың
жақын туыстарын қоспағанда, 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының
азаматтары ғана қатыса алады.
2.6. Осы Ережелерде белгіленген
талаптарға сай келетін, сондай-ақ ойынның барлық ережелерін орындаған адам
қатысушы болып танылады (3-тармақты қараңыз).
2.7.
Қатысушы өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге, сондай-ақ викторинаны
ұйымдастырушының қатысушы жайлы осы деректерді пайдалануына келіседі.
3. Викторина өткізу
тәртібі және өткізу мерзімдері
3.1.
Викторинаны өткізу кезеңі: 2024
жылғы 15 сәуірден
бастап 2025 жылдың25 наурызын қоса алғандағы кезеңде
күн
сайын дүйсенбіден сенбіге дейін, Астана қ. уақыты
бойынша 06:30-дан 00:00-ге дейін.
3.2. Викторина
кезеңдерге бөлінген: апта, ай, 6 (алты) ай, 1 (бір) жыл:
- «Апта» бойынша
үш Жеңімпаз - 20 (жиырма) қатысушы арасынан, викторина барысында апта ішінде
ең көп ұпай жинаған қатысушылар;
- «Ай» бойынша
бір Жеңімпаз - 20 (жиырма) қатысушы арасынан, викторинаға бір ай қатысу
барысында ең көп ұпай жинаған қатысушы;
- «6 (алты) Ай»
бойынша бір Жеңімпаз - 20 (жиырма) қатысушы арасынан, викторинаға алғашқы 6
ай қатысу барысында ең көп ұпай жинаған қатысушы;
- «Жыл» бойынша
бір Жеңімпаз - 20 (жиырма) қатысушы арасынан, викторинаға бір жыл бойы қатысу
барысында ең көп ұпай жинаған қатысушы.
- Жеңімпаз, «TELEBOOM» ойынның тікелей
эфирінде, әр кезең бойынша ең көп ұпай жинаған 20 (жиырма) қатысушы арасынан,
лототрон арқылы берілген кезектік нөмірлер бойынша анықталып, жарияланады.
- Жеңімпаз лототрон арқылы анықталған
қатысушы болып саналады, оған тікелей эфирде қатысушының тіркелген номері бойынша
хабарласылған жағдайда.
- Егер қатысушының тіркелген номері
сөндірілуі немесе ұйымдастырушыға белгісіз себептермен қолжетімсіз болса,
лототрон арқылы қайта анықталған келесі қатысушы жеңімпаз болуы мүмкін.
3.3.
Викторинаға қатысу үшін ұйымдастырушының арнайы жеделхат-ботына тіркелуі
қажет - https://t.me/teleboom1tv_bot (мәтінде бұдан әрі жеделхат-бот), және осы арқылы Викторинаға
қатысуға өзінің келісімін растайды;
3.4.
Викторина Ережелері:
3.4.1.
"Еуразия" бірінші арнасының эфирін қарап жүріңіз;
3.4.2.
Телеарнаның эфирінде Викторинаның
тақырыптық танымбелгісі мен оның басталуын күтіңіз (ол кез келген
уақытта басталуы мүмкін);
3.4.3.
Экранда үш таңбалы сандық код пайда болады;
3.4.4.
1 (бір) минут ішінде арнайы жеделхат-ботқа өтіңіз (https://t.me/teleboom1tv_bot) және телеарна эфирінде көрсетілген
сандық кодты Телеграм-ботқа жіберіңіз;
3.4.5.
Әрі қарай, қатысушыға оның жауабы қабылданғаны туралы жауап немесе белгілі
бір уақыт аралығында цифрлық кодты қабылдау уақыты аяқталғандығы туралы
хабарлама келеді.
3.4.6.
Қатысушы тек өзіне тіркелген бір нөмірден ғана
дұрыс коды бар хабарлама жіберуге міндетті.
3.4.7.
Эфирде мәлімделген цифрлық код туралы ақпараттың жайылып
кетуіне жол бермеу мақсатында мұндай код кездейсоқ сандар генераторын
пайдалану арқылы анықталады және телеарна эфирінде кез келген
уақытта пайда болады.
3.4.8. Қатысушыларға ұпайлар
кему тәртібімен есептеледі: бірінші дұрыс жауап үшін 100-ден (жүзден) бастап,
азаю арқылы 1 (бір) - ге дейін.
3.4.9. Кез келген тіркелген
қатысушы жиналған ұпайлар санымен Телеграм-боттың "Барлық ұпайлар"
бөлімінде таныса алады.
3.4.9. Жеңімпаз викторина
жүлдесін алуға құқылы.
4.
Қатысушылардың және ұйымдастырушының құқықтары, міндеттері
4.1.
Қатысушы викторинаға қатысқанға дейін осы Ережелердің мәтінімен мұқият
танысуға міндетті.
4.2.
Қатысушы осы Ережелерде көрсетілген көлемде және тәртіппен викторина туралы
ақпарат алуға құқылы.
4.3.
Қатысушы осы Ережелерді сақтауға міндетті.
4.4.
Қатысушы викторинаға қатысуға байланысты шығындарды (пошта,
телефон арқылы сөйлесу, көлік, мобильді интернет және т.б. шығындары) дербес өтеуге міндетті.
Көрсетілген шығындарды
ұйымдастырушы өтемейді және олар үшін өтемақы төлемейді.
4.5.
Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы берген ақпарат расталған болуы
тиіс.
4.6.
Қатысушы келесілерге жауапты:
4.6.1.
осы Ережелерді бұзғаны үшін;
4.6.2.
викторина өткізу процесінде дұрыс емес және/немесе толық емес мәліметтер бергені үшін;
4.6.3.
үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзғаны үшін;
4.6.4.
викторинаға қатысу нәтижесінде
туындауы мүмкін барлық жағымсыз салдарлар үшін.
4.6.
Егер жеңімпаз анықталғаннан кейін оның Ережелерде көрсетілген шарттардың кез
келгенін
бұзғаны анықталса, ол жүлдені алу құқығынан айырылады.
4.7.
Викторинаны ұйымдастырушы келесілер үшін
жауап бермейді:
телекоммуникациялық және/немесе энергетикалық желілердегі іркілістер үшін, зиянды бағдарламалардың әрекеттері үшін, сондай-ақ викторина өткізуді қамтамасыз ететін
аппараттық-техникалық кешендерге рұқсатсыз кіруге және/немесе істен шығаруға
бағытталған үшінші тұлғалардың жосықсыз әрекеттері үшін,
викторина өткізуді қамтамасыз ететін бағдарламалардың ұйымдастырушыға
байланысты емес себептерден, сондай-ақ, бой бермейтін күш салдарынан уақытша
жұмыс істемеуі үшін, ұйымдастырушының еркінен тыс жағдайлар туындаған кезде
викторинаны мерзімінен бұрын тоқтатқаны үшін.
4.8.
Викторинаны ұйымдастырушы ережелерді біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы.
Ережеге енгізілген барлық өзгерістер викторина
ұйымдастырушының сайтында олар күшіне енгенге дейін кемінде 1 (бір)
күнтізбелік күн бұрын ашық түрде жариялайды.
Сонымен қатар, викторина Ережелеріне өзгерістер
енгізілгенге дейін белгіленген жеңімпаздар, жеңімпаздарды айқындау сәтінде
қолданыста болған Ережелер редакциясына сәйкес жүлдені алуға құқылы.
4.9.
Ұйымдастырушы
Викторинаны өткізу кезеңін кез келген
уақытта
тоқтата тұруға/мерзімінен бұрын аяқтауға құқылы.
5. Жүлдені алу
тәртібі мен мерзімдері
5.1.
Жеңімпаз деп танылған қатысушының телефон нөмірін ұйымдастырушының редакторы
ұпайларды санау және қорытындылау сәтінде тіркейді.
5.2. Викторинаны
ұйымдастырушының редакторы 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірмей Жеңімпаз деп
танылған Қатысушымен цифрлық коды бар хабарлама жіберілген нөмір арқылы
хабарласады және Жеңімпаздан 5.3. тармақта көрсетілген тізімге сәйкес
құжаттарды сұрайды;
5.3.
Жеңімпаз ұйымдастырушының редакторы қоңырау шалған сәттен бастап 24 (жиырма
төрт) сағат ішінде ұйымдастырушыға келесі құжаттардың сканерленген
көшірмелерін жіберуге міндетті:
5.3.1. Жеке куәлік көшірмесі,
сондай-ақ ұйымдастырушы көрсеткен мерзімдерде және тәсілмен талап етілетін
және Жүлдені алу үшін қажетті барлық ақпарат пен құжаттар. Осы Шарт орындалмаған
жағдайда, Жеңімпаз Жүлдеден бас тартқан болып саналады, нәтижесінде жеңімпаз
ұйымдастырушы тарапынан қандай да болмасын өтемақысыз жүлдені алу құқығынан
айырылады;
5.4. Талап етілетін
құжаттарды Ережелерде көрсетілген мерзімдерде жіберу мүмкін болмаған кезде
жеңімпаз викторинаны ұйымдастырушыға құжаттардың ұсынылатын мерзімін
хабарлауға тиіс. Құжаттарды ұсыну үшін ең ұзақ мерзім қатысушы жеңімпаз деп
жарияланған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды. Құжаттар мен ақпаратты
уақтылы ұсынбаған Жеңімпаз жүлдені алу құқығынан айырылады;
5.5.
Жүлдені алуға қатысты шаралар қабылданбаған, сол сияқты
жоғарыда көрсетілген құжаттар мен ақпарат белгіленген мерзімде ұсынылмаған
жағдайда,
Жеңімпаз оны алу құқығынан айырылады;
5.6. Жеңімпаздардың жүлдені алуға байланысты салық шығындарынҰйымдастырушы көтермейді. Викторина
жеңімпазы шығындарды өз бетінше төлейді. Жеңімпазға
жүлделерді жеткізу ұйымдастырушының серіктесі (курьерлік жеткізу қызметі және
т.б.) есебінен жүзеге асырылады.
5.7. Жүлделерді үшінші тұлғалар ала алмайды.
5.8. Егер Жеңімпаздың ұйымдастырушының
кеңсесінен сыйлықты алу мүмкіндігі болмаса немесе курьерлік жеткізу жүзеге
аспаса, Жеңімпаз сыйлықты алу құқығынан айырылады.
5.9.
Викторина жеңімпазына жүлде құнының ақшалай баламасы төленбейді.
5.10.
Ұйымдастырушының
кеңсесінен
жүлдені алу:
5.10.1.
Егер Жеңімпаз
Алматы қаласында тұрса немесе осы қалада болса, немесе жүлдені алу үшін
ұйымдастырушының кеңсесіне өздігімен келе алатын болса, Жеңімпаз
өтінімде көрсетілген мерзімде, яғни 5 (бес) жұмыс
күні ішінде, Жүлдесін ала алады.
6. Қатысушыларды хабардар ету тәртібі
6.1.
Қатысушылар https://1tv.kz/
сайтында викторина өткізудің шарттары мен мерзімдері
туралы хабардар етіледі.
6.2.
Викторинаны ұйымдастырушы мен оның Серіктесі
осы Ережелерде және ҚР заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысушылармен жазбаша келіссөздерге
немесе өзге де байланыстарды бастамауға құқылы.
7.Өзге шарттар
7.1.
Қатысушы
ұйымдастырушыға дербес деректерді өңдеуге өзінің келісімін береді, оған келесілер жатады: Тегі, Аты, Әкесінің аты; жынысы;
туған
күні; туған жері; тұрғылықты жері бойынша тіркеу мекенжайы; жеке басын
куәландыратын құжаттың түрі; жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;
азаматтығы; қатысушының викторинаға қатысуы, оның мобильді қосымшаны
пайдалануы туралы ақпарат, қатысу нәтижелері; телефон нөмірлері; электрондық
пошта мекенжайлары; салық органында салық төлеуші ретінде есепке қою туралы
мәліметтер, қатысушының банк шотының/банк картасының деректері.
Осы
Келісім Қатысушының викторинаға қатысуын қамтамасыз ету
және Жүлдені төлеу мақсатында ақпаратты жинауға,
жүйелеуге, жинақтауға, сақтауға, пайдалануға,
үшінші тұлғаларға (оның ішінде ұйымдастырушының өзіне)
беруге, сондай - ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген
және соған сәйкес өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі.
7.2
Викторинаны
ұйымдастырушы Викторина
кезінде Қатысушы ұйымдастырушымен байланысуы
үшін пайдаланылған немесе өзге де жағдайларда қолданылатын телефон (оның ішінде ұялы телефон) байланысының істен шығуы,
телевизиялық хабар таратудың іркілісі, қатысушының телевизиялық жабдығының
ақаулығы, үшінші тұлғалардың санкцияландаған әрекеті, "Интернет" желісінің жұмысының бұзылуы
салдарынан болуы мүмкін іркілістер үшін жауапты болмайды.
Осындай
сәтсіздіктер орын алған жағдайда Викторинаның барлық нәтижелері Викторина
Ұйымдастырушысына шағым жасау құқығынсыз жойылуы мүмкін.
7.3
Қатысушы
анық емес ақпарат берген жағдайда Ұйымдастырушы
оны викторинаға жіберуден бас тартуға құқылы, қатысушы
ұсынған анық емес ақпарат пен салдар үшін викторинаны
ұйымдастырушы жауап бермейді.
7.4
Қатысушы
бір Тараптың екінші Тарапқа электрондық нысанда жіберген кез келген
хабарламаларын, хаттарын Тараптар арасындағы міндетті
жазбаша нысан сақталды деп бағалауға келіседі.
7.5
Осы Офертаны (Ережелерді) қабылдай отырып, Қатысушы
барлық және кез келген даулы жағдайлар (техникалық іркілістерді, мобильді
құрылғылардың, электрондық
поштаның және т.б. жұмыс істеу мәселелерін қоса алғанда,
бірақ олармен шектелмей) туындаған жағдайда
түпкілікті шешім құқығы Ұйымдастырушыға тиесілі екендігіне өзінің келісімін
растайды.
7.6.
Тіркеле отырып, Қатысушы өзінің
Қазақстан Республикасының әрекетке қабілетті азаматы екенін,
кәмелетке толғанын растайды; осы
Ережелермен танысып, олармен келіседі, сондай-ақ Ұйымдастырушыға және оның уәкілетті тұлғаларына
өзінің аты-жөнін, суреттерін (фотосуреттерді, бейнероликтерді), сұхбаттарды
кез келген тәсілмен пайдалануға және Ұйымдастырушының
және оның уәкілетті тұлғаларының одан әрі кез
келген ақпаратты, өнімдер мен материалдарды алуына
келісімін білдіреді.
7.7.
Қатысушылардың фотосуреттері, сұхбаттары және олар туралы өзге де материалдар
қатысушыларға берілмейді және қайтарылмайды. Ұтыс ойынына қатысу барысында
қатысушылар ұсынған барлық материалдар ұйымдастырушының меншігіне айналады.
7.8
Ұйымдастырушы
кез келген уақытта қатысушылардың алдын ала келісімінсіз және ескертусіз осы
Ережелерді дербес өзгертуге және толықтыруға құқылы.