Мазмұнға өту
· 53 қаралым

Қоршаудан өтіп кетіп қояндарды қуған

Шымкенттегі хайуанаттар бағына кішкентай бала кіріп кетті. Темір торға түскен жеткіншек қояндарды тырқыратып қуған. Әбден үркітіп, көжектерін ұстап суретке түсіпті. Анасы тәйт деудің орнына, қоршаудан секіріп түсуіне көмектескен көрінеді. Олардың бұл әрекеті  бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Сол арқылы ныспысы анықталып, анасы екеуіне хайуанаттар бағының әкімішілігі ережелерді түсіндіріп, ескерту жасады.

Ғалымжан Кенжебек

← Барлық жаңалықтар