Әлемнің ең үздік теннисшілерінің бірі, отандасымыз Елена Рыбакина жарыстардан қомақты қаржы тапқанымен, жүргізуші куәлігі болмаған. Соның салдарынан бәсекелерде сыйға алған темір тұлпарлары біраз уақыт гаражда шаң басып тұрған.
Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін спортшы көлік жүргізуді арнайы үйреніп, жүргізуші куәлігін 26 жасында ғана алған. Бұған дейін Ленаның жеке автокөлігі де болмаған екен. Жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына байланысты көлік жүргізуге уақыт табылмаған.
Ал отандасымыздың темір тұлпарға деген қызығушылығы Германияда оянған көрінеді. Штутгарт қаласында өткен беделді турнирде жеңімпаз атанған сәтте ұйымдастырушылар теннисшіге құны 62 миллион теңге тұратын су жаңа суперкар сыйға тартқан.
Осылайша, енді спортшы жарыстарда ұтып алған темір тұлпарларын өзі тізгіндеп жүр.
Қайыркен Отыншы