Темірдей тәртіпке баулитын әскеріміз демалыс аймағына айналып бара жатқандай. Себебі Отан алдындағы борышын өтеуге барған сарбаздарға телефон ұстауға кеңінен мүмкіндік берілді.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мобильді құрылғыларды әкелу мен пайдаланудың жаңа ережесін бекітті. Ведомство мәліметінше, бұйрыққа 30 наурыз күні қол қойылған.
Енді жаңа құжатқа сәйкес, сарбаздар, курсанттар мен кадеттер телефондарын әскери бөлім аумағына өшірілген күйде алып кіре алады. Байланыс құралдарын тек казармада ғана емес, әскери госпитальдар мен медициналық бөлімдерде де пайдалануға рұқсат берілді.
Ал бұған дейін жауынгерлерге ұялы телефондарды тек шектеулі уақытта және казарма ішінде ғана қолдануға мүмкіндік болған. Оның өзінде заманауи гаджеттерді пайдалануға тыйым салынған еді.
Қайыркен Отыншы