Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Аюлар қысқы ұйқыдан оянды

Еліміздің шығысында аюлар жүр. Қыс бойы ұйқыда жатқан жыртқыштар енді қорек іздеуге кіріскен.

Тау-тасты кезіп жүрген аңдардың бірі Катонқарағай ұлттық паркі аумағында орнатылған фототұзаққа түсіп қалған. Бейнежазбада жабайы жануардың балпаң басып жүргенін анық көруге болады.

Кейін кадрға сол маңда жайылып жүрген маралдар да іліккен. Ұлттық парк мамандары жануарлар үшін арнайы орындарға тұз бен минералды қоспалар қалдырып отырады.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар