Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Умраға уақытша шектеу қойылды

Мекке қаласына кіруге уақытша шектеу енгізілді. Сауд Арабиясы биылғы қажылықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 18 сәуір мен 31 мамыр аралығында умра сапарларына шектеу қойды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәліметінше, бұл қадам қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қасиетті мекендегі құлшылық рәсімдерін жүйелі ұйымдастыру үшін қабылданған.

Енді қасиетті қала аумағына тек арнайы қажылық визасы бар азаматтар ғана еркін кіріп-шыға алады. Басқа санаттағы виза иелеріне қала ішіне кіруге уақытша шектеу қойылған.

Ал бұл талаптарды бұзғандар Сауд Арабиясының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар