Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Үздік жас өнертапқыштар қатарында

Алматылық оқушы әлемдегі ең үздік үш жас өнертапқыштың қатарына енді. Венада өткен халықаралық форумда Дана Қадырбектің ауадан су өндіретін құрылғысы жоғары бағаланды.

Ол қаладағы №79 гимназияның 11-сыныбында оқиды. Жас өнертапқыш ғылыми жобасына бірнеше жыл бойы дайындалған. Оның заманауи технологиясы құрғақ ауадан су алуға мүмкіндік береді.

Жоба жүзеге асса, еліміздің шөлейт аймақтарын сумен қамтамасыз ету жүйесіне оң әсерін тигізуі мүмкін.

Ал дарынды оқушыға шаһар әкімі қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Гүлназия Мейірханқызы

← Барлық жаңалықтар