Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Маңғыстау даласын қоқыс басқан видео тарады

Маңғыстау облысының даласын қоқыс басқан көрініс әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Құдды бір пластиктен жасалған экспозицияны елестетеді.

Бейнежазбаны экобелсенді Азамат Сәрсенбаев «Ұлы Маңғыстау даласы» деген жазумен жариялаған. Кадрдан иен даланың қоқысқа толып жатқанын, тіпті оның бірнеше гектар аумаққа дейін жайылып кеткенін көруге болады.

Бұл жағдайға қатысты жұртшылықтың пікірі екіге жарылды. Бірі оны «жаңа экостиль» деп әзілге айналдырса, енді бірі халықтың экологиялық мәдениетіне сын айтты.

Кейін белгілі болғандай, бұл — қоқыс полигоны маңындағы аумақ. Бірнеше күн бұрын мұнда өрт шығып, желдің екпіні күшейген. Соның салдарынан қоқыс жан-жаққа ұшып, осындай көрініс қалыптасқан.

Қазір аумақ толық тазартылған.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ:

Аталған жағдайдың уақытша сипатта болғанын және полигонды күтіп-ұстау жұмыстарының жүйесіздігімен байланысты емес екенін атап өтеміз. Қазіргі уақытта полигон аумағы мен оған іргелес жерлерді толық тазарту бойынша жедел шаралар ұйымдастырылып, тиісті қызметтер мен арнайы техника жұмылдырылды. Жұмыстар күшейтілген режимде жүргізілуде.

Маржан Нүсіпбек

← Барлық жаңалықтар