Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Жамбылда көші-қонды заңсыз ұйымдастырғандар ұсталды

Жамбыл облысында көші-қонды заңсыз ұйымдастырғандар ұсталды. Арнайы операция барысында қамауға алынған қылмыстық топ құрамында Алматы облысы мен Меркі ауданының тұрғындары бар.

Тергеу барысында олардың еліміздің мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуге жәрдемдескені анықталған. Күдіктілерден шетелдік азаматтардың фотосуреттері, төлқұжаттары, банк карталары және 1 миллион теңгеден астам қаражат тәркіленген.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ақбаян Сұлтанмұратова

← Барлық жаңалықтар