Сіз тұратын өңірде қанша кітапхана бар? Ұлттық кітап күніне орай еліміздегі кітапханалардың статистикасы жарияланды.
Бүгінде республика бойынша көпшілікке арналған 3 912 кітапхана жұмыс істейді. Бұл мекемелерде 10 мыңнан астам адам еңбек етеді. Кітапханалардың басым бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан — олардың саны 3 300-ден асады.
Өңірлер бойынша ең көп кітапхана Түркістан облысында тіркелген — 388. Одан кейін Батыс Қазақстан облысында — 359, Ақмола облысында — 341 және Қостанай облысында — 336 кітапхана бар.
Ал ең ірі кітап қоры Алматы қаласында шоғырланған. Мұнда 37,5 миллион дана кітап сақталған.
Бердібек Қарынбай