Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Әскерилер грантқа түсті

Әскери борышын абыроймен өтеген мыңнан астам сарбаз жоғары оқу орындарына грантқа түсті. Қарулы күштер басшылығы болашақ студенттерге сертификаттарды салтанатты түрде табыстады.

2023 жылы басталған «Сарбаз 2.0» жобасы аясында Отан алдындағы борышын өтеген кез келген сарбаз тест тапсырып, грант ұтып алуға мүмкіндік алады. Осылайша олар еліміздің университеттерінде қалаған мамандығы бойынша тегін білім алып, стипендиямен және жатақханамен қамтамасыз етіледі.

Мәселен, 2023–2025 жылдар аралығында 18 мыңнан астам сарбаз грант иегері атанған. Сарбаздарды қолдауға арналған бұл жобаға жастармен қатар ата-аналар да оң бағасын беріп отыр.

СӘУЛЕ КЕНЖЕБАЕВА, АТА-АНА:

Ұлым бір жыл әскери қызметін өтеп, аман-есен оралды. 105 балл жинап, сертификат иегері атанды. “Армиядан кейін грантқа түсемін” деген мақсаты бар еді. Сол мақсатына жетті. Өте қуаныштымын.

Ғалымжан Кенжебек

← Барлық жаңалықтар