Қызылордалық тәртіп сақшыларының автопаркі су жаңа қызметтік көліктермен толықты. Патрульдік полиция қызметкерлеріне 114 автокөлік табысталды.
Барлығы да қызметке қажетті заманауи құрылғылармен жабдықталған. Олардың қатарында байланыс құралдары, бейнетіркеу жүйесі, навигациялық құрылғылар, арнайы жарық және дыбыс сигналдары бар.
Іс-шараға Нұрлыбек Нәлібаев қатысты. Оның айтуынша, өңірде құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді.
АЛИХАН ЖҰБАТҚАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ АҒА ЛЕЙТЕНАНТЫ:
Жаңа автокөлік алу әділ полицейлер үшін үлкен жауапкершілік. Бұл көлік біздің күнделікті жұмысызды жеңілдетіп, тапсырмаларды жылддам әрі сапалы орындауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманауи технолониялармен жабдықталғаннан кейін қауіпсіздік деңгейі де жоғары. Біз үшін ең маңыздысы халықтың тыныштығын сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.