Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Дрифт жасаған жүргізуші қамалып тынды

Талдықорғанда түн ортасында дрифт жасап, тұрғындардың тынышын бұзған жүргізуші жауапқа тартылды.

Ол өз әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.

Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған азаматты тәртіп сақшылары әлеуметтік желі арқылы анықтап, қолға түсірген. Белгілі болғандай, жүргізуші түнгі уақытта Қабанбай батыр ескерткіші маңында көлігімен қауіпті маневрлер жасап, айналасындағылардың өміріне қауіп төндірген.

Құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік кодекстің бірнеше бабы бойынша шара қолданылды. Оның көлігі айып тұрағына қойылып, өзі 7 тәулікке қамауға алынды.

Ұлан Тәліпбай

← Барлық жаңалықтар