Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Мәжілістің жалпы отырысында не айтылады?

Бүгін, сәрсенбінің сәтті күнінде, әдеттегідей төменгі палата депутаттары бас қосады. Бұл жолы Мәжілістің жалпы отырысында барша ұстаздар үшін маңызды «Мұғалімдер мәртебесі туралы» заң жобасы қаралады.

Сондай-ақ мәжілісмендердің ұсынған түзетулері негізінде арнаулы мемлекеттік органдар қызметі туралы құжат екінші оқылымда талқыланады.

Депутаттар қандай шешімге келеді? Заң жобасына қандай түзетулер енгізілетіні жайлы толығырақ бүгін күндізгі жаңалықтар мен басты жаңалықтардан өткізіп алмаңыз.

← Барлық жаңалықтар