Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Татулық – таусылмас бақыт

Біздің тарихымыз, бүгініміз және болашағымыз – бір! Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады. Тағдырдың жазуымен елімізде тұрақтаған түрлі этнос өкілдерімен тату-тәтті ғұмыр кешу – ортақ игілік.

Бұл күнде халқымыздың тілектестігі мен ауызбіршілігі кеңінен дәріптелуі тиіс. Осылай деп сөзін сабақтаған Президент бейбіт күннің қадірін білу маңызды екенін атап өтті. Сүрінгенге сүйеу, түңілгенге тіреу болған қазақтың қанына сіңген қасиетті көздің қарашығындай сақтап қалу міндет.

Өйткені бірлік, ынтымақ, татулық секілді қағидаттар еліміздің басты құжатының преамбуласында да нақты көрсетілген еді. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің көзқарасымыз әртүрлі болғанымен, тілегіміз – бір», – деп сөзін түйіндеді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біздің тарихымыз, бүгініміз және болашағымыз – бір. Бұл – Қазақстан халқының сарқылмас күш-қуаты мен отаншылдық рухының айқын көрінісі. Біз бәріміз бір ел болып жұмылып, өсіп-өркендеу жолында биік белестерді бағындыра беретінімізге кәміл сенемін. Қымбатты отандастар, баршаңызға зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін!

← Барлық жаңалықтар