Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Көліктен отшашу атқандар ұсталды

Атырауда көліктің терезесінен отшашу атқан жүргізуші мен жолаушы ұсталды. Темір тұлпармен арлы-берлі ойқастаған жас жігіттер тек фейерверк атып қана қоймай, қауіпті маневрлер жасаған. Осылайша олар өздерінің де, өзгенің де өміріне қауіп төндіріпті. Қаланың тыныштығын бұзғандардың ныспысы анықталып, ұсталыпты. Қазір олардың үстінен бірнеше баппен хаттама толтырылды. Ал көліктері арнайы автотұраққа тоғытылған.

АЛМАС ЗАКАРИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПБ ППБ КОМАНДИРІ:

Ұсақ бұзақылық, елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолдану және түнгі тыныштықты бұзу деректері бойынша да әкімшілік шаралар қабылданды.

← Барлық жаңалықтар