Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Әкесін көлігін айдап кеткендер жол апатына түсті

Таразда тәртіп сақшыларынан қашқан көлік апатқа ұшырап, 16 жастағы жасөспірім қаза тапты. Қайғылы оқиға кеше түнде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, колледж студенті әкесінің машинасын рұқсатсыз алып шығып, жанына екі досын ерткен. Заң бұзушылықты байқаған полиция қызметкерлері темір тұлпарды тоқтатпақ болғанда, жас жүргізуші қашқан. Алайда жүйткіген студент көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіндегі бағанаға соғылыпты. Апат кезінде салондағы үш жігіттің бірі көз жұмған. Ал рөлде отырған бозбала мен тағы бір жолаушы түрлі жарақат алыпты. Оларды дәрігерлердің көмегінен соң полицияға жеткізді.

ГҮЛСАРА МҰҚТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Ата-аналар бала тәрбиесі мен оны бақылау міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу шаралары жүргізілуде.

← Барлық жаңалықтар