Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Қызыл судың қарқыны бәсеңдер емес

Су тасқыны сейілді деп арқаны кеңге салуға әлі ерте. Шығыста қызыл судың қарқыны әлі бәсеңдер емес. Мамыр айы басталғалы Риддер маңындағы кейбір өзендердің деңгейі біршама көтерілген. Әсіресе Громотуха өзеніндегі жағдай алаңдатарлық. Арнасынан асуға шақ қалған. Көтерілген су көпірге дейін жетіпті. Жергілікті тұрғындар қарғыннан қорқып дабыл қағып отыр. Алайда төтенше жағдай мамандары ахуал толық бақылауға алынғанын, гидрологиялық бекеттерде су қауіпті деңгейге жетпегенін мәлімдеді. Ал Қазгидромет Үлбі мен Шаравкаға мониторинг жасалып жатқанын айтты. Бұған жауын-шашынның да әсері бар. Абай және Шығыс Қазақстан облысында өзендер соңғы күндері жауған нөсерден кейін тола түскен.

← Барлық жаңалықтар