Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Алматыда алып ағаш құлады

Алматыда алып ағаш көшеде келе жатқан көлікті басып қала жаздады. Қауіпті сәт машинаның бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан теректің жолға құлаған сәтін көруге болады. Ағаштың құлауынан төрт жолақты көшеде көлік қозғалысы шектелді. Видео авторының айтуынша, оқиға 10 мамыр күні Бөгенбай батыр көшесінде болған. Сол күні қалада нөсер жаңбыр жауған еді.

← Барлық жаңалықтар