Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Астанада аналарға құрмет көрсетілді

Елордада Отбасы күніне орай «Ана — гүл, ана — өмір шырағы» атты ерекше фотокөрме өтті. Онда ерекше бала тәрбиелеп отырған 20 әйелдің суреті қойылды. Іс-шараның мақсаты — батыр аналардың қоғамдағы рөлін көрсету және олардың өмірге деген құштарлығын арттырып, жігер беру. Көрмеде әрбір жанның тағдыры, күресі мен перзентіне деген шексіз махаббаты фото арқылы бейнеленген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба қоғам назарын инклюзивті орта қалыптастыру мәселесіне аударуға бағытталған. Келушілер көрмеден ерекше әсер алып, аналардың қайсарлығына тәнті болғандарын жеткізді.

АЛТЫНАЙ ТӘҢІРБЕРГЕНОВА, АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Суретте әдемі аналарымыздың өмірге құштарлығын, әдемілігін, бейнедегі шуағын көрсеткіміз келді. Олардың өмірінде қиын жағдай, ерекше балалар бар. Бірақ оған да қарамай, ананың орны бөлек.

← Барлық жаңалықтар