Мазмұнға өту
· 22 қаралым

Полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді

Алматы облысында полицей өз әйелін тас жолда көлікпен қағып өлтірді. Қатты соққының салдарынан 38 жастағы келіншек оқиға орнында тіл тартпай кетіпті. Жол апаты Балқаш ауданында болған. Күдікке ілінген 37 жастағы оның күйеуі бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тәртіп сақшысы жұбайын абайсызда қағып кетті ме, әлде қасақана ма, ол жағы ашып айтылмай отыр.

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕСІ:

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

← Барлық жаңалықтар