Мазмұнға өту
· 25 қаралым

Хантавирустан сақтаныңыз!

Хантавирус жұқтырғандар бізде жоқ, бірақ арқаны кеңге салуға болмайды. Денсаулық сақтау министрлігі шетелге шығатындарға сақ болуды ескертті. Ал еліміздің шекарасында санитарлық бақылау күшейтілген. Дегенмен, сала басшысының орынбасары Тимур Мұратов жұртты сабырға шақырды. Өйткені, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өзі бұл инфекциядан жаңа пандемия өршімейді деп сендіріп жатыр екен. Сондықтан еліміз шекараларды жауып, қандай да бір шектеулер енгізбейді. Дегенмен, өткізу пункттерінде шетелден келгендер тепловизорлармен тексеріледі. Егер дене қызуы көтеріліп тұрса, дереу бақылауға алады. Ал алда-жалда сыртқа саяхаттап шығып жатсаңыз, кеміргіштерден алшақ жүріп, базарлардан тамақ алмау керек. Егер демалыстан келген соң екі айдан кейін жөтел қысып, дене қызуыңыз түспей қойса, дереу дәрігерге барыңыз. Айта кетейін, хантавирус ең алғаш Аргентинадан шыққан круиздік лайнерде тіркелген еді. Індеттен 3 адам көз жұмған.

← Барлық жаңалықтар