Мазмұнға өту
· 55 қаралым

Қызметтік ит зейнетке шықты

Тоғыз жылдық мінсіз қызмет, 160 ашылған қылмыс және аман қалған 51 тағдыр. Абай облысында өңірдің қауіпсіздігі үшін талай түн көз ілмей, қылмыскердің ізіне түскен ерекше «қызметкер» құрметті демалысқа шықты. Ол полиция департаментінің мақтанышы, Джон есімді қызметтік ит. Тоғыз жыл бойы тәртіп сақшыларымен иық тіресе жұмыс істеп, нағыз бейнеттің бел ортасында болған Джонның зейнетке шығу рәсімі де ерекше өтіпті. Ең әсерлісі ресми түрде міндеті аяқталса да, оның кинологы тоғыз жылдық адал досын жалғыз қалдырғысы келмепті. Тәртіп сақшысы төрт аяқты досын қимай өз үйіне алып кетті.

← Барлық жаңалықтар