Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Дубай боламыз десек, Мумбай болдық

Дубай боламыз десек, Мумбай болдық. Автобус аялдамасын ас бөлмесіне айналдырып, қазанмен тамақ пісіргендер желіде қызу талқыға түсті. Жылы аялдамада дым болмағандай электр плитасын қосып, тамағының дайын болғанын тосып жүрген келіншек те видеоға түсіп қалыпты. Кей желі қолданушылары бұл әйелдің бұған дейін де басқа аялдамада дәл осылай ас пісіргенін көргенін жазған. Әлбетте, қала тұрғынының бұл әрекеті қоғамдық тәртіпті айтпағанда, өрт қауіпсіздігін сақтау талаптарын өрескел бұзып отыр. Дегенмен, заңды белшеден басқандардың ныспысы әлі анықталмады. Жауапты компания да бұған қатысты әлі ресми пікір білдірген жоқ.

← Барлық жаңалықтар