Біздің елдің полицейлері жарап тұр. Тәртіп сақшыларымыз 2024 жылдан бері қылмыстың небір түрін жасап, айласын асырып, бой тасалап жүрген 656 шетелдікті ұстап, құзырлы органдарға тапсырған. Бұл статистиканы Ішкі істер министрлігі жариялады. Ал Орталық Азия елдері мен Қытай біздің сұратуымызбен 86 қашқынның қолына кісен салыпты. Ведомство мәліметінше, бұл нәтижелер құқық қорғау органдарының халықаралық деңгейде жүйелі әрі жедел жұмыс істеп жатқанын көрсетеді. Әрі жазадан ешкім де сытылып кете алмайтынын дәлелдейді.