Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Нотариуста не өзгереді?

Енді елімізде нотариустардың жауапкершілігі күшейеді. Құжаттарды заңдастыру қызметіне қатысты заң жобасы Мәжілісте қаралды. Мәселен, енді қарызды өндіріп алу құжатын тек борышкер тіркелген өңірде жасай аласыз. Басқа қаладан ақшаңызды бұлдап, сырттай ісқағаздарды рәсімдеуге болмайды. Сондай-ақ алдымен қарыз алушыға міндетті түрде SMS немесе eGov арқылы хабар беріледі. Оған өзінің кінәсін дәлелдейтін құжаттар көрсетіліп, кредитормен келісуге мүмкіндік туындайды. Яғни, бұрынғыдай нотариус қарыз туралы құжатты бірден рәсімдей алмайды. Мұның барлығы адамдардың есепшотын бірден бұғаттауға жол бермейді.

НҰРСҰЛТАН БАЙТІЛЕСОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Заң жобасымен нотариустардың жеке сот орындаушыларымен, микроқаржы ұйымдарымен және өзге де қатысы бар тұлғалармен байланыстылық фактілерін болдырмау үшін қосымша шектеулер белгілеу ұсынылады. Атап айтқанда, жақын туыстық немесе өзге де тәуелділік болған жағдайда нотариаттық әрекеттер жасауға тыйым салуды көздейді.

Барлық атқарушылық жазбалар нотариустар арасында автоматты жүйемен бөлінеді. Таныстармен ауыз жаласып, мәселені өз пайдаңызға шеше алмайсыз. Талаптарды орындамай, заң бұзған нотариустар лицензиясынан айырылып, жұмысын тоқтатады. Ал мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің даулы қарыздарын енді нотариус емес, сот қарайды.

← Барлық жаңалықтар