Мазмұнға өту
· 122 қаралым

Астананың әуежайына бару қиындайды

Астаналықтардың назарына! Енді елордада әуежайға бару қиындайды. Сағаттаған кептіліс аз болғандай, баратын жолдардың бағыты өзгеріп жатыр. Өйткені бүгіннен бастап аэропорттың кіреберісінде жол жөндеу жұмыстары басталған. Асфальт жабыны жаңартылып, бірқатар учаскеде уақытша шектеу енгізіледі. Осыған байланысты қоғамдық көлік пен такси бағыты да өзгереді екен. Сондықтан әуежай әкімшілігі жолаушыларға ертерек қимылдау керегін ескертті.

← Барлық жаңалықтар