Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Атан түйе құдыққа құлап кетті

Қызылорда облысында кәріз құдығына құлап кеткен атан түйе құтқарылды. Тар қапасқа қамалған жануарды көрген аралдықтар бірден төтеншеліктерге хабар берген. Дабыл түсе салысымен оқиға орнына жедел жеткен мамандар ойсылқараның төлін арнайы техниканы пайдаланып, аман-есен шығарып алды. Абырой болғанда еш жері сынбапты. Ал құзырлы органдар терең құдықтың беті неліктен ашық-шашық қалғанын тексеріп жатыр.

← Барлық жаңалықтар