Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Ұстаздар жалақысыз жұмыс істеді

Білім беріп, балаға ілімнің дәнін егіп, нәпақасын адал жолмен тауып жүрген мұғалімдер жарты жыл бойы жалақыларын алмапты. Алматы облысының прокуратурасы екі бірдей жекеменшік мектептегі былықты әшкереледі. Ол жерлерде қызмет ететін 1600-ден аса маманға мекемелер 487 миллион теңге берешек болған. Сөйте тұра айлар бойы бір тиын да татырмапты. Мәселе іске қадағалаушы орган араласқаннан кейін барып шешілген. Ал кінәлілер жауапқа тартылған.

← Барлық жаңалықтар