Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Депутат уәдесінде тұрмаған шенеунікке шүйлікті

Сөзіңіз бен ісіңіз сай келмейді. Депутат уәдесінде тұра алмаған шенеунікке шүйлікті.

БАҚЫТЖАН БАЗАРБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Жұмыс тобы кезінде сіз: «алты ай уақыт беріңіздер. 2026 жылдың қаңтарынан бастап Салық кодексі күшіне енеді, мамыр-маусым айларында сіздерге талдау нәтижелерімен, мүмкін түзетулермен келеміз» деп айтқан едіңіз. Алайда біз әзірге ешқандай талдау да, түзету де көрген жоқпыз. Ал қазір пленарлық отырыста бір жыл қажет деп отырсыз. Ол жерде бір басқа, мұнда мүлде басқа пікір айтып тұрсыз.

Бақытжан Базарбектің сөзінше, Салық кодексі аясында қосарланған құн салығын төлеуі тиіс тұлғалар одан босатылып, керісінше, жеңілдік берілуі керек азаматтарға салмақ салыныпты. Қарапайым мысал. Авиаотын сатып алуда әуе компанияларынан салық алынып тасталғанымен, билеттер арзандамақ түгілі, керісінше, қымбаттап кеткен. Ал кәсіпкерлер бұрын авиаотын үшін төлеп келген сомаларды өз қалтасына басып жатыр. Сол себепті депутат Салық кодексіне қайта оралып, заң жобасы аясында түзетулер пакетін енгізуді ұсынды.

АЗАМАТ ӘМРИН, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Өте орынды мысал келтірдіңіз. Расында, авиаотынға қатысты НДС нормасын алып тастаған кезде негізгі мақсаттардың бірі билет бағасын төмендету болған. Кем дегенде, осыны жауапты салалық мемлекеттік орган негіз ретінде ұсынған еді. Ал алты ай туралы айтқан сөзімнен бас тартпаймын. 1 қаңтардан бері бұл мерзім әлі толық аяқталған жоқ. Төлем мерзімі – жартыжылдық қорытындысы бойынша 25 тамыз. Біз талдауды осы төлемдер негізінде жүргіземіз. Сондықтан айтқан сөзімді толық растаймын.

← Барлық жаңалықтар