Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Депутат балағат сөздер айтылатын тренингтерге шүйлікті

Балағат сөздер айтылған атышулы тренинг депутаттардың назарына ілікті.

Эмоционалды жеңілдеу мақсатында өткізілген сабақ желіде қызу талқыға түскен еді. Былапыт сөздерді қарша боратıp, оны жиналғандарға айқайлатып айтқызған коучсымақ сонысы үшін бірден 86 мың теңге айыппұл арқалаған. Дегенмен мәжілісмен Нұрсұлтан Байтілесов бұл жекелеген жағдай емес, қоғамда белең алып жатқан қауіпті үрдіс екенін атап өтті. Сол себепті депутат осындай тренингтерде балағат сөздерді ашық қолдану фактілеріне құқықтық баға беріп, олардың авторларына нақты этикалық талаптар қарастыруымыз керек деді.

НҰРСҰЛТАН БАЙТІЛЕСОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Агрессивті және бейәдеп лексиканың таралуы талғам мәселесінен асып, қоғамның базалық құндылықтарына нұқсан келтіреді деп санаймыз. Балалар мен жасөспірімдер интернетте, әлеуметтік желілерде және күнделікті өмірде мұндай контентпен жиі бетпе-бет келеді. Сол үшін көпшілікке арналған тренингтерді, семинарлар мен дәрістерді ұйымдастырушылар үшін нақты этикалық талаптар енгізу мүмкіндігін қарастыруымыз керек.

← Барлық жаңалықтар