Алматы полициясы соңғы қоңырау қарсаңында ата-аналар мен ұстаздарға үндеу жасады. Тәртіп сақшылары түлектерді кортеж жалдап, көшеде арлы-берілі ойқастап жүруден бас тартуға шақырды. «Мектепті бітірген сәт ешқашан ұмытылмайтынын жақсы түсінеміз. Алайда бала қауіпсіздігі бәрінен жоғары» дейді мамандар. Ал әсерлі бейнеролик түсіру үшін жол ережелерін өрескел бұзудың соңы қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Сондықтан полиция қызметкерлері алдағы күндері күшейтілген режимде жұмыс істемек. Дегенмен ата-аналар мен ұстаздардың қолдауынсыз жағдайды бақылауда ұстау оңайға соқпайды екен.
ТИМУР НОҒАЙБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Көшелерде, жолдарда, саябақтарда, демалыс орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз. Алайда полиция қызметкері де, мектеп мұғалімі де ата-ананың орнын баса алмайды. Сол сияқты ата-аналар балалардың мінез-құлқын жақсы білетін мұғалімдердің қолдауынсыз бәрін толық бақылай алмайды. Сондықтан барлығымыз бірігіп төмендегі мәселелерге назар аударғанымыз жөн.