Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Үйінен 10 камаз қоқыс шығарылған

Пәтерінен 10 КамАЗ қоқыс шығарылған. Көрші үйдің қолқаны қапқан иісіне тұншыққан семейліктер полицияға шағымданыпты. Ал шақыртуға жеткен сақшылар мұндайды күтпесе керек, зейнеткердің баспанасын тексеріп, жағаларын ұстаған. Тұрмыстық қалдықтан аяқ алып жүре алмайсың, үйдің еденінен төбесіне дейін толып қалған. Тазарту жұмыстарының нәтижесінде баспанадан 10 КамАЗ қоқыс шығарылыпты. Бұл санитариялық талаптарды айтпағанда, өрт қауіпсіздігіне төнген үлкен қауіп, дейді полицейлер. Қазір әйел адаммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, оған қажетті әлеуметтік көмек ұсынылған. Болжам бойынша, ол Плюшкин ауруына шалдыққан болуы мүмкін.

← Барлық жаңалықтар