Мүмкіндігі шексіз бала, үмітін үкілеген ана. Бүгін бас қалада ерекше ұл-қыздардың ата-аналарына арналған республикалық форум өтті. Бұл еліміз бойынша ұйымдастырылған осындай алғашқы шара екен. Жиынға логопед-дефектолог, психологтар бастаған мамандар қатысып, ерекше баласын тәрбиелеп отырған аналардың көкейінде жүрген басты сауалдарға жауап қатты. Астанада шымылдығын ашқан шара алдағы уақытта еліміздің барлық өңірлерінде өткізіледі екен.
МАРИЯ ӨТЕБАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ең бастысы, бүгінгі форумнан біздің логопед-дефектологтар, барлық мамандар ерекше баламен ары қарай қалай жұмыс істеу керек, барлығы бүгін практикалық, теориялық түрде барлығы көрсетіледі.
БАҚЫТГҮЛ НҰРИДИНОВА, ПСИХОЛОГ-ДЕФЕКТОЛОГ:
Бұл балалардың мектепке бара алады, бұл балалар мектепті бітіргеннен кейін де өз-өзіне қызмет ету арқылы болашақта өз нәпақаларын өздері тауып, өмірге бейімдеу ғой мақсатымыз.