Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Теңізшілердің жаңа ордасы ашылды

Ақтауда Теңіз академиясының жаңа оқу корпусы ашылды. Мұнда кеме қатынасы, порт логистикасы және транскаспий бағыты бойынша мамандарды даярлайды. Академия халықаралық деңгейге сәйкес келетін заманауи теңіз тренажерларымен жабдықталған. Курсанттар сонда кемені қалай басқарудың қыр-сырын меңгеріп, машина бөлімінің жұмысына қанығады.

НҰРДАУЛЕТ БЕЙБІТБАЙ, 5-КУРС СТУДЕНТІ:

Жалпы Теңіз академиясының мүмкіншіліктері өте жоғары. Академиялық бағытта бізде Әзербайжан мемлекетімен, Баку қаласында теңіз саласы бойынша, бізде екі ай оқуға мүмкіндік бар. Яғни, біз бір уақытта екі университеттің дипломын алып шығуға мүмкіншілігіміз бар. Ал біз екі диплом алған жағдайда барлық жерге жұмысқа тұруға өте жеңіл болады.

Үш қабатты білім ордасының аумағы – 4600 шаршы метр. Қазір мұнда 350-дей курсант білім алуда. Жобаның мақсаты – Каспий теңізі үшін маман даярлап қана қоймай, Қазақстандағы теңіз білімін жоғары деңгейге шығару. Қазіргі таңда академия Халықаралық теңіз университеттері қауымдастығына мүше. Ал түлектері шетелдік кеме қатынасы компанияларында еңбек етіп жүр.

← Барлық жаңалықтар