Мазмұнға өту
· 14 қаралым

6-қабаттағы терезеде отырған бала құтқарылды

Алматыда алтыншы қабаттан құлай жаздаған баланы құтқарушылар аман алып қалды. Үйінде жалғыз қалған бес жастағы бүлдіршін терезенің сыртына шығып кеткен. Абырой болғанда көршілері байқап қалып, бірден 112-ге хабарласыпты. Оқиға Мәдениет ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болды. Дереу жеткен мамандар биікке автосатымен шығып, қатты қорқып қалған баланы жерге түсірген. Өйткені үйдің есігі құлыптаулы екен, ал іште ешкім болмаған.

← Барлық жаңалықтар