Мазмұнға өту
· 9 қаралым

«Хайп» қуамын деп, қамауға алынды

Полицейге «пранк» жасаймын деген блогерлердің басы бәлеге қалды. Еріккендердің оқиғасы былай өрбіген. Жас жігіт өзенге батып бара жатқан кейіп танытады. Жағада тұрған бойжеткен сол маңда жүргендерден «құтқарыңдар» деп көмек сұраған. Мұны көрген тәртіп сақшысы еш ойланбастан суға күмп беріп, жігітті құтқарып қалған. Тек содан кейін ғана «қызық қуғандар» үсті-басы малмандай су болған полицейге мұның бәрі хайп үшін жасалған видео екенін түсіндірген.

Блогерлер тәртіп сақшысына алғыс жаудырып, дәмханаға тегін сертификат беретінін айтады. Бірақ полицей бәрінен бас тартып, әзілкештердің әкесін танытты. Бейнероликтің авторы мен пранк жасағандар сот шешімімен 10 және 15 тәулікке қамауға алынды.

← Барлық жаңалықтар