Қазақстандықтар ипотеканы да, автонесиені де алуды азайтқан. Ұлттық банктегілер осылай мәлімдеді. Өйткені екінші деңгейлі қаржы ұйымдары осы жылдың бірінші тоқсанындағы несие нарығын қорытындылаған. Нәтижесінде ипотека рәсімдеу 21%-ға, ал көлік несиесі 20%-ға қысқарғаны белгілі болған. Үй алуға деген сұраныстың азаюуына банктердің сыйақы мөлшерлемесін көтеруі себеп болып отыр екен. Ал автонарықтағы ала-құлалыққа жаңа көліктердің арзандауы және автодилерлер ұсынатын жеңілдетілген несиелерге қызығушылықтың төмендеуі әсер еткен.