Астанаға тағы бір мәртебелі мейман келе жатыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мамырдың 27-сі мен 29-ы аралығында Қазақстанға Ресей президенті мемлекеттік сапармен ат басын бұрады. Атап айтқанда, айдың 28-інде Еуразиялық экономикалық одақ елдері басшыларының қатысуымен экономикалық форум ұйымдастырылады. Келесі күні, яғни 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді деп жоспарланған.