Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Теміржолшылар үшін сүйінші жаңалық

Үй алғысы келіп жүрген теміржолшылар үшін сүйінші жаңалық. Елімізде осы сала қызметкерлеріне арнап тиімді ипотекалық бағдарлама іске қосылайын деп жатыр. Шарттары өте жеңіл. Жылдық сыйақысы 4-ақ пайыз, ешқандай алғашқы жарна салудың да қажеті жоқ. Мерзімі 16 жыл. ҚТЖ маман көп тұрақтамайтын және кадр тапшылығы қатты сезілетін өңірдегі жұмысшыларын осылай қуантпақшы екен. Алғашқы кезеңде 534 отбасыны осы ипотекамен қамту жоспарланған. Ал қолданысқа берілетін баспана тура өндіріс аумақтарына көрші аудандардан салынып, дайын тұр. Аталған бағдарлама әуелі Астана, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Семей қалаларында іске қосылады. Өзге өңірлер бойынша бастама әзірге пысықталып жатыр.

← Барлық жаңалықтар