Мазмұнға өту
· 43 қаралым

Автонөмірге қатысты жаңа ереже

Көлігіңізді сатып, ескі нөміріңізді қимай жүрсеңіз, жақындарыңызға сыйға тарта аласыз. Оны жұбайыңызға, әке-шешеңізге, туған бауырларыңызға беруге болады. Бұрын темір тұлпар сатылса, нөмір не утилизацияға кететін, не бар болғаны 6 ай иесінің атында ғана сақталатын. Ал туыстарға тек VIP, «әдемі» нөмірлерді ғана өткізуге рұқсат еді. Енді бұл тәртіп өзгерді. Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіркеуге қатысты бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, бірқатар ережелерді жаңартыпты. Ереже бүгіннен бастап өз күшіне енді.

← Барлық жаңалықтар