Мазмұнға өту
· 58 қаралым

Күн күрт суиды

Құралайдың салқыны бітті ме десек, күн тағы құбылатын түрі бар. Қазгидромет алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады. Әсіресе елдің батысында бүрсүгіні күн күрт бұзылып, бұршақ пен жаңбыр жауып, қатты жел тұруы мүмкін. Мұндай тұрақсыз ауа райы кейін оңтүстік-шығыс пен шығысқа ауысып, толассыз жауын-шашын түседі. Бұл аймақтарда минус 2 градусқа дейін суытуы ықтимал. Ал демалыста күн көзі қайта жылына бастайды.

← Барлық жаңалықтар