Мазмұнға өту
· 45 қаралым

Ауылдың ішінде аю жүр

Сарыөзек әкімдігі қонжықты іздеп сарсаңға түсіп жүр. Ауыл арасымен жүгірген жыртқыштың видеосы көпшілікті елеңдетіп қойды. Жетісу облысында аюдың баласын қызықтап қуған жүргізуші барлығын таспаға түсірген. Дегенмен тар көшелермен қашқан қонжық ізін суытып үлгеріпті. Кейін әлеуметтік желіде «аю өлтірілді» деген сипаттағы суреттер тарады. Алайда Кербұлақ ауданы әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Билік өкілдері тұрғындарды дүрлікпеуге шақырып, жануарды байқаған жағдайда мамандарға хабар беру керегін ескертті. Қазір қонжықты іздеуге табиғатты қорғау полициясы, төтенше жағдайлар қызметі қоса кіріскен.

← Барлық жаңалықтар