Мазмұнға өту
· 36 қаралым

ҰБТ нәтижелері жойылды

Биыл ҰБТ басталғалы 180-ге жуық талапкердің тестілеу нәтижесі жойылды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, оның ішінде 103 бала тыйым салынған заттарды аудиторияға алып кірмек болған кезде ұсталса, тағы 75-і емтихан кезінде ереже бұзғаны үшін тест тапсыру құқығынан айырылған. Қазіргі уақытта емтиханнан 92 мыңға жуық оқушы өткен. Олардың 65 пайызы шекті балды жинаса, орташа көрсеткіш 63 балл. Айта кетейін, елімізде негізгі ҰБТ 10 шілдеге дейін жалғасады.

← Барлық жаңалықтар