Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Лагерьдегі қауіпсіздік қалай қадағаланады?

Ұл-қызын лагерьге жіберіп, жанын шүберекке түйіп жүретін ата-аналардың биыл алаңдауына негіз жоқ. Өйткені биыл жазда балалар асыр салып ойнайтын орындарда қауіпсіздік қатаң қадағаланады. Алғаш рет «Білім беру ұйымдарында жасөспірімдердің сауықтырылуы мен демалысын ұйымдастыру қағидалары» бекітілді. Енді лагерьлердің дайындығы толық тексеріледі. Бұған қоса, мамандардың сапалық құрамына мән беріледі. Ал қиындыққа тап болған балалар QR-код арқылы көмек сұрай алады. Айта кетейік, биыл 11 мың демалыс орнында 3 млн 200 мың оқушы қамтылмақ.

← Барлық жаңалықтар