Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Ел азаматтығынан бас тартатындардың саны 40 есеге азайған

Соңғы 8 жылда Қазақстан азаматтығынан шығу туралы өтініштер саны 40 есе азайған. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысында айтты. Ресми дерекке сүйенсек, 2019 жылы 1700 адам азаматтықтан шықса, 2020 жылы 944, 2021 жылы 123 адам төлқұжаттан бас тартқан. Ал соңғы жылдары өтініш берген жандардың саны едәуір азайыпты. Биыл 43 азамат өз еркімен басқа елдің санағына кірген. Жиын соңында 305 адамды Қазақстан азаматтығына қабылдау туралы ұсыныс енгізілді.

← Барлық жаңалықтар