Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Балабақша кімдерге тегін болады?

Енді көпбалалы отбасыларға балабақша тегін болады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі мәлімдеді. Бөбекжайлардың мәселесіне білек сыбана кіріскен Сүлейменова әкімдіктермен бірлесіп барлығын біржақты қылмақ. Алайда тиісті бұйрықты таратқанымен, Абай облысы мен Алматыда түйткілдер туындапты. Дегенмен жұмысты жөнімен жүргізіп, бюджетті бөгетсіз бөлгізіп, тегін тамақ берудің де тетігін тапқан. Министрдің айтуынша, қазір көпбалалы отбасылар үшін балабақшаға тегін баруды қарастыратын қаулы бар. Тек олар кезекке тұрып, реті келгенде мектепке дейінгі мекеменің табалдырығын аттай алады. Еліміздің алдағы үш жылдық бюджетінен бұл мақсатқа қажетті қаражат қарастырылыпты.

← Барлық жаңалықтар